Мұсылман Жұмысшыларының Біріккен Одағы, Верный мұсылмандарының біріккен еңбек одағы – еңбекшілердің бұқаралық ұйымы. Уақытша үкімет орнаған соң, 1917 жылы 5 мамырда құрылып, негізінен, экономикалық және ағартушылық мақсаттарды көздеді. "Садақ" атты сатиралық журнал шығарды.