Асылбек Ғазизұлы Нұғыманов (1933 жылы 23 маусымда Қызылордада - 2013 жылы 10 қаңтарда Алматыда) — кеңестік кинорежиссер. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері (1978). Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері (1976).

Толығырақ Асылбек Ғазизұлы 1933 жылы 23 маусымда Қызылордада дүниеге келген. 1964 жылы Мәскеудегі мемлекеттік кинематография институтын (А.М. Згрудидің шеберханасы бойынша) бітірген. 1957 жылдан “Қазақфильм” студиясында режиссер болып бірнеше деректі ленталарды түсірді. 1978 жылы “Үндістанмен кездесу” және “Йеменнің аптабында” деген деректі-хронологиялық фильмдерді жасады. 1973 жылы “Медеу. Ерлікке толы күн мен түн” 1974 жылы “Армысың Тың өлкесі” (1974 КСРО ХШЖК-нің күміс медалі мен дипломы) 1975 жылы “Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында” және “Ерлік туралы аңыз” (1975) атты деректі фильмдер топтамасы үшін 1976 ж. Қазақ КСР-нің Мемлекеттік сыйлығын алған.

Марапаттары 1976 жылы Күләш Байсейітова атындағы Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының иегері. 1978 жылы Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері құрметті атағымен марапатталды. КСРОның "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. Бірнеше медалдарыдың иегері. "Құлагер" Ұлттық киносыйлығының иегері.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Жеке қасиеттері Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «Барлық адамдар заң алдында тең құқылы». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - Н. Назарбаевтың ісін жалғастырып, тәуелсіздік мәртебені, Ұлт аралық татулықты сақтау, мәдени мұраны қайта жаңғырту». Хоббиі - газет-журнал қиындыларын жинау, автомобиль, болашақ киносценарийлер, фильмдер үшін материалдар жинау. Сүйіп оқитын әдебиеті - әдебиеттің барлық түрлерін оқу.

Жеке өмірі Үйленген. Жұбайы - НҰғыманова Светлана Сапиқызы, әдебиет пәнінің оқытушысы. Ұлдары - Нұғыманов Асан, менеджер; Нұғыманов Ғазиз, компьютер маманы.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:Қазақфильм тұлғалары Санат:Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институты түлектері