Өмірзақ – Маңғыстау облысы Ақтау қалалық әкімдігіне қарасты ауыл, Өмірзақ ауылдық округі орталығы, теңіз порты.

Географиялық орналасуы Облыс орталығы – Ақтау қаласынан оңтүстікке қарай 12 км жерде, Каспий теңізінің шығыс жағасында шөлді белдемде орналасқан. Ең жақын темір жол станциясы – Маңғыстау (12 км).

Тарихы Іргесі 1983 жылы магистралдық мұнай өнімдері құбырларының Оңтүстік басқармасының қосалқы шаруашылығын ұйымдастыруға байланысты қаланған.

Халқы 1989 1999 2009 20212021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 1685 1402 2847 7510

Инфрақұрылымы Өмірзақта Қаламқас мұнай, газ өндіру басқармасы, Ақтау теңіз порты, құрылыс ұйымдары, автокөлік кәсіпорны, сауда орындары орналасқан. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Ақтау қалалық әкімшілігі елді мекендері Санат:1983 жылы құрылған елді мекендер Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері