Мұхтарбай Өтелбаев (3 қазан 1942 жыл, Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қаракемер) – физика-математика ғылымының докторы (1978), профессор (1982), Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі (2003). Өмірбаяны Дулат тайпасының Жаныс руынан. 1969 Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1973–2000 жылдары Қазақстан Ғылым Академиясының Математика және механика ғылым-зертттеу институтында, ҚазҰУ-да, Жамбыл педагогикалық институтында, Қарағандыдағы Қолданбалы математика ғылымының зерттеу институтында, ҚазҰПУ-да ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, басшылық қызметтер атқарды. 1993–1995 жылдары ҚР Министрлігі Кабинет жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттігінің аэрогидродинамика бөлімінің бастығы болды. 2000 жылдан Еуразия ұлттық университететінде ғылыми-зертеу ортасының жетекшісі, Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы бөлімшесі директорының орынбасары қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері Негізгі ғылыми еңбектері функционалдық анализ және оның қолданыстарына, дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясына, функционалдық кеңістік теориясына, есептеу математикасына, шекаралық есептердің жалпы теориясына арналған. 160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 2 монографияның авторы. 5 патенттің иегері.Қазақ энциклопедиясы, 7 том

Шығармалары Весовые функциональные пространства и спектр дифференциальных операторов (соавтор), М., 1988; Оценки спектра оператора Штурма-Лиувилля, А.-А., 1990. Ақпарат қорғау мен криптография негіздері. — Астана, 2003 ж.

Дереккөздер

Санат:3 қазанда туғандар Санат:Қазақстан математиктері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері