Сексеуілдідала – Бетпақдаланың оңтүстік-шығыс бөлігі.

Географиялық орны Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Оңтүстік-шығыстан (Бірлік ауылы маңынан) солтүстік-батысқа, Керегетас жалына дейін 110-120 км-ге созылып жатыр, ені 20-30 км. Абсолюттік биіктігі 300-400 м, солтүстік-шығысында Шу-Іле таулары сілемдерінің (Жамбыл, Шоғырлы, Майжарылған, Хантау) етегімен, оңтүстік-шығысында Шу өзенінің аңғарымен шектеседі.

Геологиялық құрылымы Шөгінді малтатастардан, құм мен саздақтан түзілген. Жер бедері көне эрозиялық арналармен (ұзындығы 10 км, ені 10-20 м), қалдық төбешіктермен (ұзындығы 6 км, ені 2 км, биіктігі 10-12 м), белесті құм жалдармен және ойдым-ойдым дефляциялық ойыстармен ерекшеленеді. Жер асты сулары 5-7 м тереңдікте кездеседі, минералдылығы 3 г/л.

Өсімдігі Тұздылау құмды өңір табиғатына бейімделген сексеуіл, күйреуік, баялыш, сарсазан, теріскен, жүзгін, жыңғылбас, құм қарағаны, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады, сексеуіл өсіретін және дайындайтын шаруашылықтар орналасқан.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Жамбыл облысы географиясы Санат:Қазақстан далалары