Нина Сергеевна Смирнова(29 маусым 1908, Ульянов облысы Дмитровград қаласы – 5 ақпан 1978, Алматы) — әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы (1951), профессор (1953), Қазақстан ҒА академигі (1956).
Өмірбаяны ММУ-ды (1929), оның аспирантурасын (1939) бітірген. 1939 жылдан ҚазПИ-де (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогика университеті) оқытушы, кафедра меңгерушісі 1945 жылдан Қазақстан ҒА Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болды. Ғылыми еңбектері Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ фольклортану ғылымы мәселелеріне: қазақтың ауызша тараған поэтикалық шығармаларының тарихи даму жолдары эпос айтыс қазақ ауыз әдебиетінің басқа жанрлары фольклор жазба әдебиеттің байланысы мәселелеріне қазақ фольклортану тарихына, т.б. арналған. Шығармалары “Қазақ әдебиетінің тарихы” (1-т., 1968) “Қазақ фольклористикасы” (1972), т.б. еңбектерді шығаруға атсалысқан. М.Әуезовпен бірге эпикалық туындылардың (“Қамбар батыр”, “Қозы Көрпеш – Баян Сұлу”, “Алпамыс батыр”, “Қыз Жібек”) ғылыми басылымдарына басшылық жасаған. Жамбыл шығармалары туралы зерттеу еңбегін, Қазақстандағы орыс мектептері үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын (М.Сильченкомен бірге, 1970) қазақ ауыз әдебиеті жөнінде бағдарламалар, ауыз әдебиетін жинау жөнінде әдіснамалық нұсқаулар жазған.“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 Очерки казахской литературы XVІІІ века, А., 1951; Казахская народная поэзия, 1967.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:29 маусымда туғандар Санат:1908 жылы туғандар Санат:Дмитровградта туғандар Санат:5 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1978 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Қазақстан филологтары Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әдебиет және өнер институтының профессорлары Санат:Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы академиктері