Сүлейменов Сұлтан Тәшімбайұлы (20.8.1928, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті – 22.6.1996, Алматы) – ғалым, Жыл Оқиға 1970 ж. Шымкент технологиялық ғылымының докторы 1967 ж. Шымкент технологиялық ғылымының профессоры 1972 ж. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы ғылым академиясының академигі 1952 ж. Шымкент технологиялық институтын бітірген 1956 – 57 ж. Қазақ химия-технологиялық институтында аға оқытушы 1957 – 59 ж. Қазақ химия-технологиялық институтында факультет деканы 1959 – 74 ж. Қазақ химия-технологиялық институтында ректоры 1976 жылдан Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтының профессоры 1978 – 96 ж. Алматы құрылыс материалдары ғылыми-зерттеу және жобалау институтында директор болды Негізгі ғылыми еңбектерінің бағыты химия өнеркәсібін дамыту, силикаттардың жаңа түрлерін шығару, т.б. мәселелерге арналған. Қазақстан ЖЭС-терінен шығатын көмір қалдықтарын кешенді қайта өңдеу мен құрылыс материалдарын пайдалану саласын кеңейту үшін күл-қождық қалдықтардың қасиеттерін зерттеуді жүйелеумен айналысты, күл-керамикалық материалдарды өнеркәсіптік негізде өңдеудің ғылыми негіздерін жасауға мүмкіндік беретін лабораториялық және теориялық зерттеулер жүргізді. Бұл зерттеулер жылу-энергететикалық шикізаттарды үнемдеуге ықпал етті. Сүлейменов С. Т. – 313 ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 6 монографиясы бар), 90-дай авторлық куәліктің иегері. Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Шығармалар Новые силикатные и органические материалы, А.-А., 1967 (соавт.); Стекло и стеклокристаллические материалы из горных пород Казахстана, А.-А., 1969; Электротермические фосфорные шлаки – сырье для производства стеклокристаллических материалов, А.-А., 1976 (соавт).
Сілтемелер «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том