Налшық (Апажев М. Л., Коков Дж. Н. Кабардино-черкесско-русский словарь. Около 27 000 слов / Под ред. доктора филологических наук Б. Ч. Бижоева. Нальчик: «Эльбрус», 2008. С. 675, Суюнчев Х. И., Урусбиев И. Х. Русско-карачаево-балкарский словарь. Около 35 000 слов. Москва: «Советская энциклопедия», 1965. С. 744) – халқының саны 234 700 адам болатын (1999) Ресейдің оңтүстік-батысындағы курорттық қала, Қабарда-Балқария Республикасының астанасы. Кавказ тауының бөктерінде, Нальчик өзенінің бойында орналасқан. 1818 жылы қорған ретінде негізі қаланғанмен, кейін 1917 жылғы Орыс төңкерісінен кейін өзінің мәнін арттырды. Альпинисттерге арналған әйгілі курортымен танымал. Бұл жерде университеттер мен зерттеу институттары орналасқан. Өндірістік кәсіпорындары әр алуан, олардың қатарында машина жасау және гидрометаллургия да бар.

Дереккөздер

Санат:Ресей қалалары Санат:Қабарда-Балқария Санат:Қабарда-Балқария қалалары Санат:Ресей республикаларының астаналары