Penspinning ( — қалам айналдыру) — бір немесе екі қолмен бірге жазба құралдарының (көбінесе қаламсап) манипуляциясын көрсететін контактылы манипуляциялау формасы.

Снарядтың сипаттамасын өзгерту үшін басқа каламдардың, қарындаштың, маркерлердің бөліктерімен түрлендіреді. Мұндай қалам «мод» деп аталады.

Тарихы Бұл өнер Жапониялық жаттығуынан шығады. Ол университетке түсушілік емтиханды тапсыра алмаған мектеп бітірушілердің, арасында өте кең тараған.

Қазіргі таңда пенспиннингті кім және қалай таратқаны туралы документтік дәлел жоқ. Алайда осы тематика туралы сайт ашқан алғашқы пенспиннерлердің бірі Хидэаки Кондо деп санаса болады.

Пенспиннингке «Zippo айласы» немесе «шақпақпен трюктер» туыстас.

Осындайға әуес болу көпшілік адамдарға, әсіресе мамандығы қолдың ептілігінің дамуын талап ететіндерге (мысалы гитарист немесе пианист) пайдалы болады.

Саусақтар мен Слоттар Ыңғайлы болу үшін спиннерлер арасында саусақтарға және олардың араларына ат қою арнайы системасы кеңейтілген.

Бас бармақ — «T», «тамб» (). Сұқ саусақ — «1». Ортаңғы саусақ — «2». Атауы жоқ саусақ — «3». Кішкентай саусақ (шынашақ) — «4».

Саусақтардың арасы «слот» деп аталынады () және тиісінше осылай аталады: Бас бармақ және сұқ саусақтың арасы — «Т1». Сұқ және ортаңғы саусақтарының арасы — «12». Ортаңғы және атауы жоқ саусақтарының арасы — «23». Атауы жоқ саусақ және Шынашақ арасы — «34».

Дереккөздер

Санат:Жонглёрлық Санат:Жазба жабдықтар