Тоқмұрзин Қыдырма Хамитұлы(25 Наурыз 1938 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов ауданы Қараағаш ауылы — 2016) – химия ғылымының докторы (1990), профессор (1993), Қазақстан Ғылым академиясының академигі (2003).
Қысқаша өмірбаяны:
1963 жылы ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1963–1970 жылдары ҚазМУ-да аспирант, ғылыми қызметкер. 1970–1975 жылдары Қазіргі Атырау мемлекеттік университетінде кафедра меңгерушісі. 1975–1988 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Мұнай химиясы және табиғи тұздар институтында лаборатория меңгерушісі, директор болды. 1988 жылдан ҚазҰУ-да кафедра меңгерушісі қызметін атқарады.
Еңбектері:
«Синтез и нуклеофильные реакции шестичленных азот и серосодержащих гетероциклических соединений с карбональной группой» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Негізгі ғылыми еңбектері гетероқұрлықтық қосылыстар химиясына, стереохимияға, органикалық қосылыстардың реакциялық қабілетіне арналған. 100-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, оның ішінде 30 авторлық куәлік пен өнертабыстың иегері.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер: