thumb|right|200px|Үркер жұлдыз шоғыры
Үркер (, астрономиялық аталуы М45) — торпақ шоқжұлдызындағы алып және жарық күйдегі галактикалық шашыранды үйіржұлдыз шоғыры. Әдетте үркердің жай көзбен ең жарық 9 жұлдызын көруге болады. Ал, ерекше жағдайда жай көзбен 14 жұлдызға дейін көрінеді. Шарль Мессье бұл шашыранды үйіржұлдыздың орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған жұлдыздар каталогында үркерді M45 деген аталыммен каталогқа енгізді.Percival, S. M.; Salaris, M.; Groenewegen, M. A. T. (2005), The distance to the Pleiades. Main sequence fitting in the near infrared, Astronomy and Astrophysics, v.429, p.887.
Үркер үйірінің көріну диаметрі шамамен 2°, ол дөңкіш пішінде. Бұл жұлдыз шоғырында қосаржұлдыздарды есептемегенде, шамамен 1000 шақты жұлдыз бар екені анықталған. Ол жас және жылжымалы жұлдыз үйірі есептеледі. Оның тұмандығы жер шарына өте жақын және өзі де жер шары тұрғындарына өте таныс. thumb|right|300px|Небра аспан тақтасы, б.з.д.1600ж. жасалған. Оң жақ үстінгі бөлігіндегі топты жұлдыз - үркер деп есептеледі. Көк түсті жоғары температуралы тұрақты жұлдызды негіз еткен бұл Үйіржұлдыз шоғыры шамамен 100 млн жыл бұрын қалыптасқан екен. Ұсақ тозаңдардан құралған тұмандық осынау жарық жұлдыздар шоғыры төңірегін айналып жатыр. Бұрынғы түсіндіру бойынша, тозаңдар үйіржұлдыз қалыптасқан кезден қалған делінсе, ең жаңа түсіндіру бойынша бұл жұлдыз үйіріне қатысы жоқ алып тозаңдар бұлты осы өңірден өтіп бара жатқан көрінеді. Астрономдардың болжауы бойынша, бұл үйіржұлдыз шамамен әлі де 250 млн жыл өмір сүреді де, сосын Құс жолының тартылыс күшінде ыдырап, өзіне таяу жұлдыз жүйелеріне араласып кетеді.
Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздар қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердегі жарық жұлдыздардың төңірегінде үлкен тозаңды тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі арақашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады.
Бақылау-өлшеу тарихы thumb|right|300px|400,000 жыл бойғы астроқозғалыстардың үркерді үйіруі (4D кескіні) Үркер – солтүстік жарты шарда қыста, ал оңтүстік жарты шарда жазда ең айқын көрінетін аспан денесі. Сондықтан ол ежелгі мәдениеттер жағынан өте көп тілге алынған. Мысалы, Қазақтар Аустралия аворигендері, Маорилер, Қытайлар, Маялар, Ацтектер, солтүстік Америкадағы Сиу ұлты қатарлылар.
Қытайдың дәстүрлі Конфуцышылдығы бойынша Конфуцыға аспанның ақиқатын үйреткен бес әулие осы Үркер үйіржұлдызынан келген делінеді.
Ежелгі грек астрономдары оны біртұтас шоқжұлдыз деп есептеген және ежелгі грек жыраулары Гесиод пен Гомер (Илиада және Одиссея) өз шығармаларында тілге алған.
Үркердің Інжіл мен Тәураттағы атауы Хима. Інжілдің үш жерінде Үркер туралы айтылған екен.
Үнді мифологиясында үркер "Krittika" деп аталған, ол соғыс құдайының шешесі болып, оның бір-бірден көрсете алатын 6 түрлі көркі бар делінеді.
Ал, Ислам ғалымдары Үркер(At -thuraiya деп аталған)Құранда Najm деп кездеседі деген пікірде. thumb|left|200px|үркерді торлаған тұманды тозаңдар, NASA Үркердің ұқсас бағыттағы сәйкес келген жұлдыздар емес, өзара байланысы бар жұлдыздардан құралғанын адамзат өте ертеден байқаған. 1767 жылы Шарль Мессье осынша көп жұлдыздардың бір бағытта бір-біріне қатыссыз кездейсоқ орналасу мүмкіндігін аспандағы өзге жұлдыздардың жайласуы арқылы есептеп, шамамен 500 мың да 1 жағдайда Үйіржұлдыз емес Үркердің болатынын есептеп шығарды. Демек, ол Үркер өзара физикалық байланысы бар Үйіржұлдыз деп есептеді. Тұрақты жұлдыздардың қозғалу жылдамдығын зерттеушілер Үркердегі жұлдыздар жылдамдығының бірдей екенін, олардың белгілі бір бағытқа бірдей қозғалатынын, олардың бір-біріне тартылыс күш түсіретінін ашты.Frommert, Hartmut (1998) "Messier Questions & Answers" . Retrieved наурыз 1, 2005.
Миссье М45-ті қамтыған үйіржұлдыздың орнын есептеп, құйрықты жұлдыздың катологына ұқсайтын жұлдыздар жүйесі катологын жасауға тырысты және 1771 жылы бұл мақсатын іске асырды.Michell J. (1767), An Inquiry into the probable Parallax, and Magnitude, of the Fixed Stars, from the Quantity of Light which they afford us, and the particular Circumstances of their Situation, Philosophical Transactions, v. 57, p. 234-264
Арақашықтығы thumb|right|350px|Үркердегі жұлдыздар Әлемнің өлшемі мәселесін шешуде Үркердің бізден арақашықтығын есептеу өте маңызды қадам болды және ол арқылы әлемнің кеңдік өлшемін мөлшерлеуге септігі тиеді. Үркер бізге өте жақын үйіржұлдыз ретінде арақашықтықты есептеу қиын болған жоқ. Астрономиялық дұрыс ақпараттарға сүйеніп, астрономдар жұлдызаралық қашықтықты HR диаграммасы арқылы өлшейді. Арақашықтықтың дұрыс есептелуі ғарыштың кеңдігін есептеуге, ғарыштың жасын есептеуге, және болашақ өзгерісін мөлшерлеуге мүмкіндік береді.
Hipparcos спутниктігі ұшырылудан бұрын, үркер туралы білімдерге негізделіп өлшенген арақашықтық 135 парсек болды. Ал, Hipparcos спутниктігі жұлдыз шоғырындағы тұрақты жұлдыздардың көріну парқына сүйеніп - 118 парсек екенін есептеді. Кейінгі зерттеулер бойынша аталған нәтиже дұрыс емес делінді, бірақ қай жерінен қате кеткені айқындалмады.Soderblom D.R., Nelan E., Benedict G.F., McArthur B., Ramirez I., Spiesman W., Jones B.F. (2005), Confirmation of Errors in Hipparcos Parallaxes from Hubble Space Telescope Fine Guidance Sensor Astrometry of the Pleiades, The Astronomical Journal, v. 129, pp. 1616-1624. Қазір Үркердің бізден арақашықтығы сол 135 парсек (шамамен 440 жарық жылы) шамасында деп бекітілген.
2014 жылы 29 тамызда Калифорния университеті, Сан-Диего бөлімше мектебіндегі Carl Melis зерттеу тобы АҚШ-тың «Ғылым» журналына бір мақала басты. Мақалада, асқан интерферометриялық әсерді есептеу арқылы Үркердің бізден 444 жарық жылы қашықтықта екенін айтыпты. Ескертуінше, қателік 1% көлемінде деп белгілеген екен.
Шығуы мен батуы Бақылау Түркістан облысы, Жетісай ауданында жүргізілген Дата Шығуы Батуы 10 қаңтар15:005:0010 ақпан13:00 3:0010 наурыз11:001:0010 сәуір9:0023:0010 мамыр7:0021:0010 маусым5:0019:0010 шілде3:0017:0010 тамыз1:0015:0010 қыркүйек23:0013:0010 қазан21:0011:0010 қараша19:009:0010 желтоқсан17:007:00 Құралуы thumb|right|250px|Үркердің Х-рентген суреті: Жасыл төртбұрыштар жарқырауы ең жоғары 7 жұлдыз Үркердің X- рентген суретінен ондағы тұрақты жұлдыздарда темпратурасы өте жоғары атмосфера қабаты бар екені байқалады.
Бұл жұлдыз үйірі радиусы 8 жарық жылы шамасында, ал толқымалы-кеңеймелі радиусы 43 жарық жылына жетеді.Adams, Joseph D.; Stauffer, John R.; Monet, David G.; Skrutskie, Michael F.; Beichman, Charles A. (2001), The Mass and Structure of the Pleiades Star Cluster from 2MASS, The Astronomical Journal, v.121, p.2053. Құрамындағы мыңдаған жұлдыздардың негізгілері әлі де жас, жоғары темпратуралы көкшіл жұлдыздар екенін, күзету ортасының ұқсамастығына орай 14 ке жуық жұлдызды көзбен көруге болатыны белгілі. Жұлдыз шоғырының жалпы массасы күн массасының 800 есесіндей екен. Үркер үйіржұлдызындағы біршама жарық жұлдыздар Атауы Белгіленуі Көрінерлік жұлдыздық үлкендігі Спектральді класы Альциона Торпақтағы ɳ25 2.86 B7IIIe Атлас Торпақтағы 27 3.62 B8III Электра Торпақтағы 3.70 B6IIIe Майя Торпақтағы 20 3.86 B7III Меропа Торпақтағы 23 4.17 B6IV Тайгета Торпақтағы 19 4.29 B6V Плейона Торпақтағы BU (28) 5.09 ауыспалы жұлдыз B8IVep Целено Торпақтағы 16 5.44 B7IV Астеропа Торпақтағы 21 5.64 B8Ve 22-нші Торпақ Торпақтағы 22 6.41 B9V — — 5.65 B8V Үркер үйіржұлдызында массасы күн массасының бар болғаны 8% ғана ұстайтын, өзегінде жеткілікті темпратура мен тартылыс күші болмауынан тұрақты жұлдызға толық айнала алмаған көптеген Қоңыр ергежейлі жұлдыз (Brown dwarf) бар екені белгілі болды. Ондайлардың саны Үркер үйіржұлдызындағы жұлдыздардың 25% -ын, ал салмағы бүкіл салмақтың 2%-ын ұстайды.Moraux, E.; Bouvier, J.; Stauffer, J. R.; Cuillandre, J.-C. (2003), Brown in the Pleiades cluster: Clues to the substellar mass function, Astronomy and Astrophysics, v.400, p.891. Астрономдар Үркер мен басқа да жас үйіржұлдыздар арқылы Қоңыр ергежейлі жұлдыздардың ерекшелігіне талдау жасауға тырысты. Қоңыр ергежейліні әдетте жас жұлдыз шоғыры арасында күзетуге қолайлы, ал ежелгі үйірлі жұлдыздар әлдеқашан көмескіленгендіктен, оларды зерттеу біршама қиын есептеледі.
Кезекте, Үркерден кейбір Ақ ергежейлі жұлдыздар да байқалды. Бірақ үйіржұлдыздағы жас тұрақты жұлдыздар әлі де Ақ ергежейлі жұлдыз болу жасына жетпегендіктен, оған әлі де неше миллиардтаған жыл керек болғандықтан бұл мәселе қайшылықты түсіндіріліп отыр. Жалпы түсінік бойынша, олар төмен және орташа тұрақты жұлдыздардан өзгеріп келген емес, қосарлы серік жұлдыздар өз орбитасы бойынша айналатын өзегіндегі алып массаға ие жұлдыздардың тез өзгеруінен Ақ ергежейлілер пайда болған делінеді. Осынау жұлдыздарды айналдыратын алып массаға ие орталық жұлдыздар өте тез өзгеріс барысында өз массасын төңірегіндегі серік жұлдызына беріп, өте тез уақытта Ақ ергежейлі жұлдызға айналады. Дегенмен, бұл мәселені тартылыс күш арқылы түсіндіру керек және бұл тақырып әлі де ұзақ зерттеуді талап ететін мәселе есептеледі.
Жасы және болашақ өзгерісі thumb|right|150px|Литийдің раушан түсті қызыл жалыны Үйіржұлдыз бен тұрақты жұлдыздың өзгерісі теориясы моделін салыстырып, HR диаграммасы арқылы жұлдыз үйірінің жасын мөлшерлеуге болады. Бұл тәсіл бойынша, Үркер үйіржұлдызының жасы 75 млннан 150 млн жас аралығында екені айқындалды. Аталған жас шамасындағы екі түрлі сан арасындағы ауытқыған шама жұлдыз өзгерісі модельінің тұрақсыздығының нәтижесі. Әсіресе модельдегі Тропосфера құбылысына байланысты. Яғни жұлдыз ішіндегі Тропосфералық жағдай жұлдыз жасын тым үлкен етіп көрсетуі мүмкін.
Үйіржұлдыздар жасын өлшеудің екінші амалы төмен массалы тұрақты жұлдыздарды табу. Әдетте негізгі тұрақты жұлдыздағы литийдің термоядролық реакциясы тез таусылады, өйткені литийдің жану нүктесі 2500 000К ғана. Ал, массасы жоғары Қоңыр ергежейлі жұлдызда Литийдің күйреуі ең соңында орындалады. Сондықтан өлшенген үйіржұлдыздағы Қоңыр ергежейлі жұлдыздың литийі болу, болмауы үйіржұлдыз жасын өлшеудің идеал амалы есептеледі. Осы амалмен Үркер үйіржұлдызының жасын өлшегенде ол 115 млн жаста екені айқындалды.Basri G., Marcy G. W., Graham J. R. (1996), Lithium in Brown Dwarf Candidates: The Mass and Age of the Faintest Pleiades Stars, Astrophysical Journal v.458, p.600Ushomirsky, G., Matzner, C., Brown, E., Bildsten, L., Hilliard, V., Schroeder, P. (1998), Light-Element Depletion in Contracting Brown Dwarfs and Pre-Main-Sequence Stars, Astrophysical Journal v.497, p.253
Үйірлі жұлдыздың салыстырмалы қозғалысы олардың кеңістіктегі орнын ауыстырып отырады. Жер шарынан неше мың жылдық күзету дерегі бойынша кезекте ол Аңшы шоқжұлдызының аяғы астынан өтіп барады. Ұқсас басқа да тарқақ үйіржұлдыздар секілді Үркер үйіржұлдызы да өз үйірін ұстап тұруға жеткілікті тартылыс күшке ие емес. Сондықтан ол басқа үйіржұлдыздарға, не галактикаларға жолыққанда кейбір тұрақты жұлдыздары солардың құшағына ауысып кетеді. Есептеулер бойынша, енді 250 млн жылдан кейін Үркер үйірлі жұлдызы алып молекулалық бұлттың тарту күшінің әсерінде бөлшектеніп кетуі мүмкін. Ал, бұл жағдайға Құс жолының айналу шынтағы да үлес қосатыны анық.
Шағылысқан тұмандық thumb|right|250px|Үркердегі Меропа (IC 349) жұлдызына жақын тұмандықтың рефлексиясы, Хаббл ғарыш телескопы Идеал күзету шартында, кейбір белгілер, әсіресе экспозициялық суреттерде тұмандық Үйіржұлдызға жақын орналасқаны байқалады. Тұмандықтағы тозаңдар жоғары темпратура мен жас тұрақты жұлдыздың жарығынан көк түсті шағылысып көрінген тұмандық есептеледі.
Бұл тозаңдар осы үйіржұлдыз алғаш қалыптасқан кездегі қалдық болуы мүмкін делінді. Бірақ үйіржұлдыз аз дегенде 100 млн жылда әрең қалыптасатындықтан, ол кездегі тозаңдар баяғыда радиацияның әсерінде тарқалып таусылған. Былайша айтқанда, бұл үйіржұлдыз кезекте жұлдызаралық қалдық заттар мен тозаңдар өте көп жолда кетіп барады. thumb|left|200px|Атлас (Атлант)