Маусымның 11 — Григориан күнтізбесінде жылдың 162-ші күні (кібісе жылдарда 163-ші). Жылдың аяғына 203 күн қалады.
Мерекелер
Оқиғалар 1594 жыл - Қазақ хандығының елшілігі Мәскеуге барды. 1930 жыл - америкалық зоолог Уильям Биб пен инженер Отис Бартон өздері жасап шыққан батисферамен 400 метр тереңдікке түсті. 1937 жыл - Кеңес Одағының маршалы М.Н.Тухачевскийге жəне бір топ ірі əскери қолбасшыларға шпиондық жасады, сатқындық танытты деген аиыппен, олардың барлығына ату жазасы кесілді. 1942 жыл - Вашингтонда КСРО мен АҚШ-тың арасында соғыс жылдарында жəне одан кейінгі кезеңдерде өзара көмек көрсету туралы шартқа қол қойылды. 1964 жыл - Бес жылға сотталған Нельсон Мандела жаңа жаламен қайта сотталып, бұл жолы өмір бойына абақтыда отыру жазасы кесілді. 1984 жыл - АҚШ ғарыштық қаруды ойдағыдай сынақтан өткізді. 1987 жыл - Ұлыбританиядағы парламент сайлауында Маргарет Тэтчер бастаған консерваторлар партиясы тағы да жеңіске жетіп, Тэтчер үшінші рет премьер-министр атанды. 2010 жыл - Футболдан 2010 жылғы әлем біріншілігі басталды.
Туғандар 1811 жыл - орыстың көрнекті əдебиет сыншысы Виссарион Григорьевич Белинский дүниеге келді. 1910 жыл - француздың атақты мұхит зерттеушісі, кинорежиссер Жак-Ив Кусто дүниеге келді. Қайтыс болғандар
Сыртқы сілтемелер
Санат:11 маусым