Тарихы

Қазақстандағы лотерея тарихы

Қазақстан туралы айтар болсақ, бұл жерде лотерея Кеңес дәуірінен бастап ойнатыла бастады. Сондықтан да лотереяның біздің республикамызда пайда болуы және дамуы, лотереядан ежелден келе жатқан тарихы бар Ресеймен байланысып жатыр. Бізге мәлім болған ақпараттарға сүйенсек, 300 жыл бұрын, 1698 жылы Ресей императоры 1 Петр Ресейде ең алғашқы лотерея ойнату туралы Жарлыққа қол қойды. Дегенмен, Қазан төңкерісінен кейін Владимир Ленин: «Лотерея халықтан ақша жинау құралы» деп ұтыс ойынын тоқтатуға бұйрық берді. Лотерея тек соғыстан кейін ғана қайта ойнатыла бастады. 1970 жылға дейін Ресейде тек бір-ақ лотерея ойнатылатын. Бұл билеттің нөмірі бойынша ойнатылған классикалық лотерея болатын. Лотерея ақшалай-заттай деп аталатын, оны одақтас республикалардың Қаржы министрлігі ұйымдастыратын. Жалпы ол соншалықты кеңінен таралмаған еді, себебі ол кезде жарнама болған жоқ, ойын да сирек ойнатылатын.

Бірақ, 1970 жылы СОКП ОК мен үкімет Спорткомитетке «Спортлото» лотереясын ойнатуға рұқсат берді, осыдан барып нағыз лотерея дүмпуі басталды. Алғашқыда бұл «49-дан 6» деген, содан кейін «36-дан 5» деген сандық лотереялар болатын.

1976 жылы нәтижесін бірден білуге болатын, алғашқы «Спринт» лездік лотереясы пайда болды. Содан кейін 80-жылдардың ортасында ойыншылар спорт жарыстарының нәтижелерін болжайтын «Спортпрогноз» лотереясы шықты. Бірақ, ойыншылар кейін міндетті түрде ұтуға болатын жүйе ойлап шығарды, сондықтан да лотерея жабылып қалды.

ДОСААФ лотереясы да өткізілетін. Барлық ұйымдастыру жобасын, билеттерді, лотерея шарттарын Қаржы министрлігі бекітетін, оларды өткізуге рұқсат беретін де солар еді. Лотереяларды сатудан түскен пайда лотерея өткізуге рұқсат берген министрліктерге аударылатын.

Кеңестер Одағы құлағаннан кейін Қазақстанда республикалық лотерея өткізуге ҚР Министрлер Кабинеті, ал жергілікті (аймақтық, муниципалды) лотереяларға жергілікті атқарушы органдар рұқсат беретін еді.

Қазіргі таңда лотерея ойнату құқығын беретін лицензиар-орган ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігi болып табылады.

ҚР Ұлттық Лотереясы

Кеңес дәуірінен кейінгі ТМД аумағында Қазақстан алғаш болып бюджеттен тыс қаржыландыру мақсатында «Жаңа астана» және Зейнетақы қоры ұлттық (мемлекеттік) лотерея ойната бастады. Компания ҚР Президентінің 18.11.1996 жылғы «Қазақстан республикасында ұлттық лотереяны өткізу мен ұйымдастыру шаралары туралы» № 3223 өкімінің, ҚР Үкіметінің 18.11.1996 жылғы «ҚР Президентінің өкімін орындау бойынша шаралар туралы» қаулысының, ҚР Үкіметінің 31.10.1996ж. «Қазақстан Республикасы аумағында лотереяларды (мемлекеттікті қоспағанда) ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» № 1326 қаулысының және ҚР Үкіметінің Қаулысымен бекітілген 21.01.1997 жылғы «Қазақстан Республикасында ұлттық лотереяны өткізу және ұйымдастыру жөніндегі кеңесінің» Ережесі негізінде құрылды.

1998 жылы 8 маусымда «Қазақстан қазынасы» және «Қазақстан табиғаты» лездік лотереяларының екі түрі ресми түрде ашылғаннан кейін мемлекеттік бюджетке 3 млрд. теңгеден астам пайда түсті. 2012 жылы 1140 сауда агенттері бүкіл елге ҚР ҰЛ билеттерін сатып таратты.

Компанияның мақсаты: пайданың бәрі «ерікті салық» ретінде бюджетке кететін көпшілік қауымға арналған салауатты шаралар ұйымдастыру.

Әкімшілік құрылымы

Ұлттық лотерея құрылғаннан бастап мемлекеттің басқаруында болды. Компания Президенттің арнайы Өкімі және Үкімет Қаулысы негізінде жұмыс жасайды. 1997 жылдан бері Ұлттық лотереяны ұйымдастыру мен өткізудің атқару дирекциясы ҚР ҰЛ операторы болып табылады. Сол жылы ҚР ҰЛ-ның қанаты бар ұшып бара жатқан тұлпар түріндегі логотипі бекітілді.

Басшылық

ҚР ҰЛ бас директоры: С.Ф.Рыжков

Бас директордың орынбасары: В.Э.Рудой

Қаржы Лотереядан түскен қаржы мемлекеттік бюджетке түседі.

2012 жылы сатылымның жалпы көлемі 1,9 млрд. теңгені құрады. Ақшалай, заттай жүлделер мен автокөліктерді беруге 922,7 млн. теңге жұмсалған. Лотереяның эксплуатациялық шығыны 689,6 млн. теңгені құрады, оның ішінде 297,6 млн. теңге сауда агенттеріне бонустар мен комиссия ретінде берілді.

Маркетинг ҚР ҰЛ жарнамасын танымал «Хабар» мен «Қазақстан» телеарналарынан көруге болады.

10 жылдан астам уақыт бойы республикалық «Экспресс К» газетінде компания жаңалықтары, жеңімпаздар тарихы мен тираж нәтижелері басылады. 2010 жылдың күзінде ҚР ҰЛ өзінің жеке баспа өнімі, апта сайынғы «ЛоттоОбозрение» газетін шығарды.

Лездік лотереяларға қазақстандық ересек адамдарды тарту үшін 2011 жылдың маусымы мен қарашасы аралығында «Қолымыздағы аң-құстарымыз» фотобайқауы өткізілген болатын. Жеңімпаздардың суреттері жаңа лездік лотереяға шығады. Фотобайқау табысты болды, соның нәтижесінде осы кезеңде лездік лотереяларды сатудан түскен пайда 2010 жылмен салыстырғанда 85,0 млн. теңгеге немесе 34%-ға артты.

Компания сатудың жаңа түрлерін енгізуге тырысады. Ресейде (Йошкар-Ола) арнайы тапсырыспен жасалған 20 лотерея терминалдары Алматының дүкендерінде, барларында және супермаркеттерінде орнатылды.

ҚР ҰЛ әртүрлі ойындар жүргізуден тәжірибесі мол, жоғары кәсібилікпен жетекші технологияларды енгізеді. ҚР ҰЛ өкілдері Халықаралық лотерея қауымдастығының (WLA) және Мемлекеттік лотереялардың еуропалық қауымдастығының (ESLTA) көптеген халықаралық форумдарына қатысты және 1999 жылдан бері осы ұйымдардың мүшесі болып табылады.

Компания «La Fleur» (АҚШ) мамандандырылған беделді лотерея басылымының рейтингіне енді. ҚР ҰЛ – Қазақстанда жалғыз лотерея ұйымы болып табылады, бұндағы адалдық пен шыншылдыққа мемлекет кепілдік береді.

Көптеген жекеменшік лотереялардан ерекшелігі, ҚР ҰЛ өз ойыншыларына бақ сынауға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар ойыншының асығы алшысынан түскен жағдайда, уәде етілген жүлдені иеленуіне кепілдік береді. Сондықтан да ҚР ҰЛ ойыншыларының бойына күдік пен уайым емес, қуаныш ұялайды. Компания құрылғалы бері ойыншыға адал жолмен ұтқан жүлдесі берілмеген күн болған емес.

Ойындар және Рейтинг 15 жыл бойы компания түрлі ойындар ұйымдастырып, өткізді: сандық жартылай онлайн лотереялар Лото 5/36, Лото 6/40 и Пик-5 (1998-2006 ж.ж.);

«Алтын Адам» комбинацияланған лездік тираждық лотерея (2002-2003 ж.ж.);

«Пеннан Консалтинг» (Швеция) фирмасы арнайы шығарған «Мегалот» тираждық ойыны (2004 ж.); Стадиондардағы спорт лотереясы (2004 ж.)

ҚР ҰЛ ойындары, оның ішінде «ТВ Бинго» бүкіл отбасын бір мақсатқа жетелейтін отбасылық сауыққа айналды. Ұлттық лотерея – құмарлық тудырмай, сәттілікті қуана күттіретін салауатты шара.

Қазіргі таңда өткізіліп жүрген ойындар ТВ Бинго thumb|Сергей Погосян мен Маржан Қазыбаева Шыққан кезі – 1999 жылғы 28 қараша

Тираж – әр жексенбі сайын

Тікелей эфир - 15.30-да «Хабар» арнасында

Жүргізушілер – кеңінен танымал кино және телевидение актерлері – Сергей Погосян мен Маржан Қазыбаева

Билет бағасы – 100, 200, 500, 1000 теңге

«ТВ Бинго» белсенділігі төмен тираждық ойындар санатына кіреді. Ойыншы алдын ала басылған ойын комбинациясы бар билет алады да, нәтижесін тек ұтыс ойыны кезінде біледі.

Ұтыс ойынына билеттің 3 ұтыс жолы мен билеттің жеке нөмірі қатысады. «ТВ Бингода» 100 тираж бойы жиналып келе жатқан негізгі және динамикалық джек-пот ойнатылады, ол орта есеппен алғанда 2-3 айда бір түседі.

«ТВ Бингода» ең ірі ақшалай жүлделер мен ең қымбат автокөліктер ойнатылады. Ең ірі джек-потты 2011 жылдың 9 қазанында ойнатылған 39-тиражда Тараз қаласының тұрғыны ұтып алған болатын. Ұтыс көлемі 74 624 000 теңге ($505 мың).

Алтын Таға thumb|Сабыр Байзақов және Динара Жақыпова Шыққан кезі – 2009 жылғы 5 сәуір

Тираж – 2 рет айда(жексенбі сайын)

Тікелей эфир - 10:30-де , ғаламторда kazlotto.com және kiwi.kz

Билет бағасы – 100 теңге

Жүргізушілер – танымал дуэт - Сабыр Байзақов және Динара Жақыпова

«Алтын Таға» лотереясы белсенділігі төмен тираждық ойындар санатына кіреді. Ұтыс ойынына билеттегі 9 мәнді сандық комбинация қатысады. Ойынның ерекшелігі таға түріндегі алтын тағаларды ойнату болып табылады. Ойын қазақ тілінде өтеді және республикамыздың оңтүстік облыстарында үлкен сұранысқа ие.

«ТВ Бинго» және «Алтын Таға» тираждарының нәтижелерін 22.00-де компания сайтынан, сондай-ақ «ЛоттоОбозрение» және «Экспресс К» газеттерінен (дүйсенбі), көптеген облыстық басылымдардан немесе лотерея билеттерін сату орындарынан білуге болады.

Лездік лотереялар Осы жылдар бойы жалпы тиражы 160 млн. болатын лотереяның 62 түрі шығарылды. 15 жыл бойы халық арасында 50 теңгелік «Қазақстан қазынасы» скрэтч-лотереясы үлкен сұранысқа ие. ҚР ҰЛ оны бірнеше рет шығады.

2013 жылы лездік лотерея ішінде ең ірі топ-жүлде – 12 млн. теңге ойнатылған «Бір жылға миллионер» лотереясы үлкен табысқа ие болды. Билет бағасы – 500 теңге.

Танымалдылығы жоғары лездік ойындарға мыналар жатады: «Бинго», «Астана», «Олимпиада алауы». 7 жыл бойы Әулие Валентин күніне арналған арнайы нұсқасы қаңтардың аяғында шығарылады және үлкен табысқа ие. Сатылым көлемі жағынан лездік лотереялар «ТВ Бингодан» кейін 2 орынды (35%) иеленеді.

Сатылым Лотерея өнімдерін Ұлттық лотереяның жекеменшік сауда желісі арқылы еліміздің барлық аймақтарынан алуға болады. Сауда орындарының мекенжайы компания сайтында. Сауда агенттерінің саны 1140 адам, олар республиканың 194 елді мекенінде жұмыс жасайды.

Лотерея билеттерін сату былай жүзеге асады:

белсенді емес – көшелердегі лотерея дүңгіршектері мен дүкендердегі фирмалық кабиналар;

белсенді – қайда сату керектігін өздері таңдайтын ұтқыр сатушылар (көшедегі сауда агенттері).

Сілтемелер Ресми сайты Компанияның фотосайты «ЛоттоОбозрение» газетінің сайты “Экспресс К” газетінің сайты