Талгүл немесе Олеандр () — Кендір тұқымдасының () монотипті тегі. Тектің жалғыз өкілі - мәңгіжасыл, бұтақты өсімдік Кәдімгі олеандр (, әдебиетте көбіне «талгүл» деп аталады).
Отаны – Жерорта теңізінің жағалауы. «Nerium» сөзі грек тілінен аударғанда «ылғалды» деген мағына береді. Табиғатта талгүл су маңында өседі. Үй жағдайындағы талгүл тез өседі, еш қиындықсыз-ақ ол 3-4 метр биіктікке жетеді. Сондықтан да оның бұтақтарын қырқып қалаған биіктікте өсіре аласыз. Жапырақтары ұзыншақ, қою жасыл түсті, қатты болып келеді. Гүлдері ақ, күлгін, қызыл және сары түсті, хош иісті.
Олеандр - әлемдегі ең улы өсімдіктер қатарына кіреді. Талгүлдің шырыны улы болатындықтан онымен жұмыс жасағанда (бұтақтарын қырқу, қалемшелеу, телу т.б.) қолыңызға қолғап киюді мытпаңыз.
Жапырағы жүрек-тамыр қызметін жақсартатын дәрі жасауға пайдаланылады (нериолин).Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Күтімі Жарығы Жарық жерде жақсы гүлдейді. Жазда таза ауаға шығаруға болады. Көлеңке жерде талгүлдің жапырақтары түсіп, гүлдемей қалады. Жылуы Қыс айларында ауа температурасы 4-8 °C төмен болмағаны абзал. Суғарылуы Жазда жиі, қыста сирек суғарады. Ылғалдылығы Аздап ылғалдылықты қажет етеді. Шаңнан тазарту мақсатында жапырақтарына су бүркіп тұру қажет. Қоректендірілуі Гүлдейтін өсімдіктерге арналған тыңайтқышпен көктем, жаз кездерінде қоректендіреді. Аурулары Көбінесе саңырауқұлақ ауруларымен ауырады. Көбейтілуі Қалемшелеу арқылы ерте көктемде көбейтеді. Сабақтарынан алынған қалемшені бірден құм араласқан топыраққа отырғызса, үш аптаның ішінде тамырланады"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727.
Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт
Дереккөздер
Санат:Кендірлер