Шолпаншаш (лат. Adiántum) — адиантум тұқымдасына жатады. Отаны – тропикалық Америка және субтропикалық Еуразия аймақтары. Шолпаншаш Adiantum capillus-veneris) әдемі жапырақты өсімдік. Қырыққұлақтардың ішінде жапырағының өте нәзіктігімен ерекшеленеді. Еуропалықтар шолпаншашты әдемі шілтер секілді, жеңіл, салмақсыз үлпілдеген жапырақтары үшін «Бойжеткен шашы» деп атайды. Көлемі 1 см болатын ұсақ жапырақтарының пішіні желпуіш тәрізді, жиектері иректеліп келген.

Сабақ бойына ұсақ жапырақтары қатар-қатар орналасқан. Жақсы күтім көрсетілген жағдайда бойының биіктігі 60 см-ге дейін жетеді. Шолпаншаштың жапырағының әдемілігі соншалық, оны көбіінесе үйлену тойларында қалыңдық гүлшоғырын қолданады.

Жарығы: Тіке түскен күн сәулесінен қорғау керек. Алакөлеңкеде өседі. Жылуы: қыста 150С төмен болмағаны жөн. Жел өтінен сақтау керек. Ылғалдылығы: ылғалдылықтың жоғары болғанын қалайды, сондықтан жапырақтарына жиірек су бүркіп ылғалдандырып тұрған дұрыс. Қоректендірілуі: көп қоректендіргеннен жапырақтары сарғайып кетеді. Сол себепті, әдемі жапырақты өсімдікке құйылатын тыңайтқыштың мөлшерінен екі есе аз қолданып, айына бір рет қоректендіріп тұрған жөн. Аурулары: Ауа қатты құрғап кетсе, өрмекші және өсімдік битінен зиян шегеді. Көбейтілуі: Үлкейіп өскен шолпаншашты түбін бөлу арқылы көбейтеді. Жылыжайлада жапырағының астындағы спораларымен де көбейтуге болады.

Сілтемелер Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт

Дереккөздер "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

Санат:Қырыққұлақтәрізділер