Халықаралық жүзу федерациясы (, қысқаша FINA, қазақша ФИНА) Халықаралық олимпиада комитетімен мақұлданған халықаралық ұйым. Ұйым су спорты түрлеріндегі бәсекелестікті қадағалау үшін құрылған. Әлемнің 202 жүзу федерацияларын біріктіреді. Штаб-пәтері Швейцарияның Лозанна қаласында орналасқан.
Қазіргі кезде ФИНА су спортының 5 түрін қадағалайды: жүзу, ашық суда жүзу, суға секіру, су добы және синхронды жүзу.
ФИНА эгидасымен, екі жылда бір рет су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтеді.
2009 жылдың 24 шілдесінде ФИНА президенті уругвайлық Хулио Маглионе болып тағайындалды.
Тарихы ФИНА 1908 жылы 19 шілдеде 1908 жылдың Олимпиада ойындарының соңына қарай Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Венгрия, және Швеция жүзу федерацияларымен Лондондағы Манчестер қонақ үйінде құрылған.
Ұлттық федерациялардық саны жылдар бойынша: 1908: 8 1928: 38 1958: 75 1978: 106 1988: 109 2000: 174 2008: 197 2011: 202
Мүше ұйымдар
right|400px Азия (43): Азияның әуесқой жүзу федерациясы Aфрика (45): Африкандық жүзу конфедирациясы Aмерика (40): Американың әуесқой жүзу одағы Eуропа (50): Еуропалық жүзу лигасы Oкеания (13): Океанияның жүзу қауымдастығы
Президенттері
ФИНА президенттері Есімі Country МерзімДжордж Хирн 1908–1924 Эрик Бергвол 1924–1928 Эмиль-Жорж Дрини 1928–1932 Вальтер Биннер 1932–1936 Гарольд Ферн 1936–1948 Рене де Рав 1948–1952 М.Ль. Негри 1952–1956 Ян де Ври 1956–1960 Макс Риттер 1960–1964 Уильям Бердж Филлипс 1964–1968 Хавьер Остос МораFINA Honorary Life President Lic. Javier Ostos Mora passes away at 92 . Published 2008-11-07 by FINA. Retrieved 2008-11-10. 1968–1972Гарольд Хеннинг 1972–1976 Хавьер Остос Мора (2-ші мерзім) 1976–1980Анте Ламбаса 1980–1984 Роберт Хелмик 1984–1988 Мустафа Ларфэоуи 1988–2009Хулио Маглионе Уругвай 2009–б.к.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер ФИНА ресми сайты
Санат:Халықаралық спорт ұйымдары