Шақша — насыбай салуға арналған құты. Дәстүрлі қазақ қоғамында Шақша сиыр немесе ешкі мүйізінен жасалған. Ондай Шақшаның екі шеті қақталған күміспен көмкеріліп, бетіне күміс шегелер қағылған. Түбі мен қақпағы күмістен жасалады.Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6 Қақпағының бір шетінен ауыз қалдырып, оған тығын шынжырмен жалғастырып бекіткен. Қазақ шеберлері Шақша жасауға сан алуан материалдарды пайдаланып келді. Қазіргі уақытта Шақша орнына шыны, пластмасса, тағы басқа түрлі құтылар пайдаланыла береді. Бүгінгі күні зергерлер классикикалық Шақша түрлерін тек сувенир түрінде шығаруда. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім Сілтемелер Насыбай Темекі Құты Дереккөздер

Санат:Құралдар