нобай|оңға|Амброксол Амброксол — қақырық түсіретін, муколитикалық дәрі.
Құрамы Дәрінің құрамында әсер етуші зат — амброксол гидрохлоридінің.
Фармакотерапевтикалық тобы Жөтелгенде, суықтағанда пайдаланатын препараттар. Муколитиктер АТЖ коды R05CB06
Фармакологиялық қасиеттері Фармакокинетикасы Амброксолды ішу арқылы қолданғаннан кейін іс жүзінде асқазан-ішек жолынан толығымен сіңіріледі. Әдетте әсері 30 минуттан кейін басталады және 6-12 сағат ішінде созылады.
Фармакодинамикасы Негізгі екі: қақырық секрециясын арттыратын және сұйылтатын (секретолитикалық), сондай-ақ қакырық бөлінуін күшейтетін (қақырық түсіргіш) әсері бар муколитикалық препарат.
Қолданылуы Препарат қақырықтың бөлінуі мен түсуі бұзылатын тыныс мүшелерінің жедел және созылмалы ауруларында секретолитикалық терапия мақсатында қолданылады, бұл аурулар: жедел және созылмалы бронхиттер, пневмония; қақырықтың қатуы қиындаған бронхтық демікпе; бронхоэктазия; оториноларингологиялық (ЛОР) – мүшелердің қабынулары (ларингит, синусит, құрғақ ринит); муковисцидоз; үлкен операциялық араласулардан, жарақаттардан және т.б. кейін бронхөкпе жүйесіндегі іркілісті құбылыстардың алдын алу.
Қолдану тәсілдері және дозасы Емдеу ұзақтығы аурудың өту ерекшеліктеріне байланысты. Препаратты дәрігердің тағайындауынсыз 4-5 күннен асырып қолдану ұсынылмайды. Препаратты қабылдау өткізіліп алынған жағдайда мөлшерді екі еселемеу керек.
Дереккөздер
Санат:Дәрілік заттар