Солтүстік Италиядағы жер сілкінісі жергілікті сағат таңғы 4:03-те Италияның солтүстігіндегі Болонья қаласынан 36 км қашықтықта орналасқан жерде 2012 жылдың 20 мамырында болған. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 6,0 балға дейін жетті. Эпицентрі Сан-Феличе-суль-Панародан жақын жерде боған. Алғашқы дүмпулерден кейін, шамамен 5,1 балды афтершоктар бірнеше рет қайталанып және он бір сағаттан кейін тағы да соқты.
Алғашқы деректер бойынша жер сілкінісі кезінде алты адам қаза болып және шамамен 3 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Қаладағы бірнеше шіркеуге зақым келді.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Жерсілкініс Санат:2012 жыл Санат:Табиғат апаттары