«Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркем фильмі. Көпсериялы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының бірінші бөлімі. 2011 жылы 7 сәуірде Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының «Қазақстан» орталық концерт залында болып, фильмнің тұсаукесерін тамашалады.

Сюжеті Фильм Алматы облысының Үшқоңыр жайлауы, Шамалған ауылы, Қаскелең және Алматы қаласы деген жерлерінде түсірілген. Оқиға Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын «Без правых и левых», «Эпицентр мира», «В сердце Евразии» атты шығармаларының желісі негізінде түсірілген.

Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген шағында Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады. Алайда, тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады.

Рөлдерде

Ержан Жарылкасынов - Нұрсұлтанның жас кезіндегі әкесі Нуржуман Ихтымбаев - Нұрсұлтанның қартайған кездегі әкесі Алмагуль Алишева - Нұрсұлтаннын жас кезіндегі анасы Наталья Аринбасарова - Нұрсұлтаннын қартайған кезіндегі анасы Елжас Альпиев - Нұрсұлтан балалық шағында Әбільмансұр Серіков - Нұрсұлтан мектептегі кезінде Нұрлан Әлімжанов - Нұрсұлтан жас кезіеде Бибігүл Төлегенова - Нұрсұлтаннын әжесі Даулет Абдығапаров - Мамбетбай Нұрсұлтан Назарбаев - камео

Фильмнің жалғасы «Көшбасшы жолы» киноэпопеясының «Отты өзен» атты екінші бөлімі және «Теміртау» деген атпен үшінші бөлімін түсіріп жатыр. Киноэпопеясы 2013 жылы то­лықтай түсіріліп бітеді.Отандық киногерлер Президент туралы кино түсіруді жалғастырады

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Қазақфильм Елбасы жайлы фильм жалғасады

Санат:Қазақстан фильмдері Санат:Қазақфильм Санат:Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдер Санат:2011 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Рүстем Әбдірашев фильмдері