Ащыбұлақ (2017 ж. дейін — Пионер)Жамбыл облысының ауылдық округі мен кейбір ауылдарды қайта атау туралы — Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Қарасу ауылдық округінің орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Аса ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 6 км-дей жерде.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1443 1228 85,1 731 626 85,6 712 602 84,6

Тарихы Ауыл 1964-1997 жылдары қой өсіретін кеңшардың орталығы болды. Кеңшар негізінде Пионерде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Кеңестік жүйенің кезінде алғашқылардың бірі болып ұжымшар ұйымдастырғандықтан ауылдың атауы Пионер деп аталған. Қазіргі кезде ауыл негізінен асыл тұқымды қой өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады.

Инфрақұрылымы Орталау мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.

Ауыл маңы табиғаты Ащыбұлақ - Пионер ауылының батыс жағындағы шағын мал жайылымы. Оның Ащыбұлақ аталу себебі - ерте кезде бұл жердің суын мал ішпейтін тұзды бұлақ болған. Ащыбұлақтың суын тұрғындар көктем, жаз, күз айларында асқазан, тері ауруларын емдеуге, тұзын малға жалатуға пайдаланған. Тасқұдық - тастан өрілген терең құдық, қысы-жазы суы сарқылмайды. Көкбастау - айналасы көкорай шалғын бұлақ.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) елді мекендері