Краснодар ФК — Ресей Премьер Лигасында ойнайтын Краснодар қаласындағы футбол клубы. Өз алаңындағы ойындарын Краснодар стадионында өткізеді.

Тарихы Клуб 2008 жылы ақпанда құрылып, екінші дивизионда ойнай бастады. 2011/12 жылғы маусымда тұңғыш рет Премьер Лигада ойнады.

2014/15 жылғы маусымда Ресей чемпионатында үшінші орын алып, УЕФА Еуропа Лигасына қатысуға мүмкіндік алды. Плей-офф раундында Словенияның "Слован" клубын ұтып, топтық турнирге жолдама алды. Топтық турнирде "Боруссия Дортмунд", ПАОК, "Габала" клубтарының арасында тіпті бірінші орын алды. 1/8 финалда Чехияның "Славия" клубынан ұтылды.

2017/18 жылғы маусымда УЕФА Еуропа Лигасының 1/8 финалына дейін жетіп, "Валенсиядан" жеңілді.

Жетістіктері

Ұлттық

Ресейдың қола жүлдегері: 2014/15, 2018/19

Ресей кубогының финалисі (1): 2013/14

Бірінші лигада 3-орын (1): 2008

Дереккөздер

Сiлтемелер ФК «Краснодар» ресми сайты ФК «Краснодар» жанкүйерлерi сайты

Санат:Ресей футбол клубтары