Шүрексор – Ертіс алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы 80,94 км2, ұзындығы 25 км, ең енді жері 10,2 км, су жиналатын алабы 1784 км2. Көл негізінен қар, аздап жер асты суымен толығады. Көктемде батысынан Көкөзек өзені құяды. Қарашаның алғашқы жартысында қатып, сәуірдің соңында мұзы түседі. Алабы жайылым, шабындық. Суы мал суаруға пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Ақсу көлдері Санат:Ертіс су алабы