Шыңғыстау – Сарыарқаның шығыс бөлігіндегі тау жотасы. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай созылған.

Географиялық орны Абай облысының Абай, Аягөз аудандары аумағында.

Жер бедері Шыңғыстау солтүстік-шығыста Алтайдан Шар өзені аңғарымен бөлінеді, оңтүстік-шығыста Тарбағатайға ұласады. Шығысында тауаралық Зайсан қазаншұңқыры, оңтүстігінде Солтүстік Балқаш төбелері жатыр. Абсолюттік биіктігі 1000 – 1100 м, ең биік жері – Ақшатаудағы Қособа тауы (1305 м). Жылына 200 – 250 мм шамасында жауын-шашын түседі. Шыңғыстаудың солтүстік беткейінен Шаған және Ащысу, оңтүстігінен Бақанас, Дағанделі, Құрбақанас, Көксала, т.б. өзендер басталады.

Геологиялық құрылымы Төменгі және орта палеогеннің жанартаутекті шөгінділерінен, құмтас, тақтатас, конгломерат, т.б. жыныстардан түзілген.

Өсімдігі мен жануарлары Беткейінде бұта (тобылғы, қараған), аңғарларында тал, терек, қайың, шалғын шөп өседі. Арқар, киік, қасқыр, түлкі, борсық, суыр, т.б. мекендейді.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары Санат:Аягөз ауданы таулары