Жабыртау – Кетпен (Ұзынқара) жотасында, Қаратау мен Текес жазығының аралығында орналасқан тау.
Географиялық орны Алматы облысы Райымбек ауданы жерінде. Абсолюттік биіктігі 2292 м, дөңгелене келген таудың ұзындығы мен ені 3 – 5 км.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы Беткейлері көлбеу, сай-жыралармен тілімденген. Төрттік кезеңнің аллювийлі-пролювийлі шөгінділері жапқан палеозойдың жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қоңыр және қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетегелі шөптесіндер өседі.Қазақ энциклопедиясыЖетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы таулары