Жайық-Каспий теңіз каналы - Жайықтың атыраулық бөлігіндегі су жолы. Атырау облысы жерінде.
Жалпы ұзындығы 56 км, оның 20 км-дейі Каспий теңізінің солтүстік таяз бөлігімен өтеді. Орташа тереңдігі 4,4 м, ені 90 м. Атырау қаласына теңіз кемесінің еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жағасында Тасқала, Жаңаталап, Атырау, Дамба елді мекендері орналасқан.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Атырау облысы каналдары Санат:Қазақстан каналдары Санат:Жайық су алабы өңірі Санат:Каспий теңізі Санат:Каналдар