Жалаңаш – Тоқырау алабындағы өзен.

Географиялық орны Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады.

Бастауы Сарыөзек қыстауы маңындағы Қызылтас тау массивінің батыс беткейінен ағып, бұлақ суларының қосылуынан түзіліп, Қарақой ауылынан 5 км жерде Тоқырау өзеніне қосылады.

Гидрологиясы Ұзындығы 38 км. Жоғарғы ағысында жағасы тік жарлы. Қар және жер асты суларымен толығады. Кішігірім 6 саласы бар. Суы тұщы, ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады. Өзен алабында жайылымдық және шабындық жерлер бар.‎Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы