Жамбасқұдық – Бала Құндызды өзенінің оң жағалауында, Нұра кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан шоқы.
Географиялық орны Қарағанды облысы Нұра ауданы жерінде.
Жер бедері, геологиялық құрылымы Ең биік жері 511 м. Ұзындығы мен ені 5–6 км. Тас көмір және девон жыныстарынан түзілген, түпкі жыныстарының жер бетіне шығуы жиі кездеседі.
Өсімдігі Қызғылт қоңыр сортаң топырағында дала өсімдіктері өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Нұра ауданы таулары Санат:Шоқылар