Жаркөл – Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігі аумағындағы тұйық көл.
Географиялық орны Арқалық қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 14,3 км2, ұзындығы 5 км, енді жері 2,1 км, тереңдігі 1-1,5 м, түбі тегіс. Жағасы тік жарлы (биіктігі 10-15 м-дей), оңтүстік-батыс жағасы жайпақ келген. Суы тұзды. Алабы – шабындық.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі көлдері