Жарлыкөл – Қалқұтан өзенінің алабындағы тұйық көл.
Географиялық орны Ақмола облысы Бұланды ауданының оңтүстік-шығысында, Никольское ауылының жанында, теңіз деңгейінен 374 м биіктікте орналасқан.
Гидрографикасы Аумағы 5,2 км2, ұзындығы 2,9 км, енді жері 2,4 км, жағалау бойының ұзындығы 8,9 км. Су жиналатын алабы 48 км2. Шығыс және оңтүстік жағалаулары биік, жарқабақты, солтүстігі мен батысы көлбеу, батпақты. Түбіне тұнба шөккен. Жағалауында қамыс, құрақ өскен. Қар, жер асты суларымен толығады. Суы тұщы, жұмсақ, мал суаруға пайдаланылады.
Санат:Бұланды ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы