Желдіадыр – Ұлытау облысы Ұлытау ауданының солтүстігіндегі ұсақ шоқылы тау.

Геологиялық құрылымы Девонның граниті мен тас көмірдің тақтатасынан, төменгі жағы делювий, пролювий және аллювий шөгінділерінен түзілген.

Жер бедері Ендік бағытта доғаша иіліп жатқан суайрық. Абсолюттік биіктігі 748 м (Сасықбастау), ұзындығы 100 – 110 км, ені 25 – 35 км. Қырқалы, күмбез тәрізді, жалды болып келеді. Терісаққан, Қыпшақ, Керей, Жақсыкөң, Сарыкеңгір, т.б. өзендердің суайрығы. Оңтүстік-батыс беткейінде Ащыкөл көлі бар.

Топырағы, өсімдігі Топырағы қиыршықтасты, карбонатты бозғылт қоңыр. Беткейінде бетеге, жусан, селеу, аңғарында қайың, тал, көктерек, қараған аралас бұта өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ұлытау ауданы таулары