thumb|right|190px|ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РЕЖИМІ ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РЕЖИМІ– гидрологиялық құбылыстардың және өсімдік, топырақ жамылғысының әсерінен жер асты суларының белгілі бір мерзімде сандық және сапалық өзгерістерге ұшырауы немесе жер асты суларының қалыптасуын қамтып көрсететін тарихи-табиғи процесс. Ол жер асты сулары ресурсының, қасиетінің және құрамының, соның ішінде деңгейінің немесе арын күшінің, өтімінің, ағу жылдамдығының, температурасының, химиялық газдық және бактериялық құрамының уақыт бойынша өзгеруін сипаттайды. Жер асты суларының режимі климаттық, гидрогеологиялық, гидрологиялық, жасанды және аралас типтерге бөлінеді."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ РЕЖИМІ

Санат:Гидрология