Жетіқыл – Торғай алабындағы өзен.
Географиялық орны Ұлытау облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 62 км.
Бастауы Ұлытаудың батыс беткейінен ағып шығатын бұлақ суының қосылуынан түзіледі. Сарыторғай өзеніне құяды.
Гидрологиясы 12 саласы бар, ең ірісі – Көкалажар. Көпшілік жерінің жағасы биік, аңғары кең. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жаздың ыстық айларында қарасуларға бөлініп қалады. Өзен аңғарларында шабындық және жайылымдық жерлер, қыстаулар бар. Суы ауыз суға және мал суаруға пайдаланылады."Қазақ энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Торғай су алабы