Жуанқұм – Қызылқұмның солтүстігіндегі құмды алқап.

Географиялық орны Қызылорда облысы Қазалы ауданы жерінде орналасқан.

Жер бедері Сырдария өзенінің қазіргі аңғары мен атырауы және Сырдарияның тармағы – Қуаңдарияның ескі арнасы аралығында, оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 80 км-ге созылған, енді жері 20 км, аумағы 1,2 мың км2. Көне аллювийлік шөгінділерден түзілген. Қырқалы-төбелі, ұсақ төбелі құмдар Сырдарияның ежелгі атыраулық жазығын алып жатыр. Жер бедерінің ойпатты жерлерінде жазда кеуіп қалатын көлшіктер кездеседі. Жер асты суы 5 – 20 м тереңдікте жатыр.

Өсімдігі Еркекшөп, сұр жусан және әр түрлі шөпті эфемерлі өсімдіктер (үрме жемісті өлеңшөп, қоңырбас, күйреуік, эфедра, жүзгін) өскен. Қырқалар етегінде ақ сексеуіл тоғайы кездеседі. Жуанқұм жайылым ретінде пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қызылорда облысы құмдары