Жүрекжапырақты ергеш () – орамжапырақтар тұқымдасы, ергеш туысына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

Қазақстанда Қаратау мен Талас Алатауының батысындағы (Машат тау, Дәубаба) таулардың тасты, тастақты, далалық шалғындары мен бұталар арасында өседі. Биіктігі 80 см, сабағы тік, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырақтары тамыр түбіндегілері ұзын сағақты; сабақ бойындағылары сопақша, қысқа сағақты; ең жоғарғылары қандауыр тәрізді, отырыңқы. Тостағанша жапырақшалары түкті, күлтесі қызғылт түсті. Гүлдері жайылған сыпыртқы гүлшоғырына топталып, сабақ ұшында жетіледі. Тұқымынан көбейеді. Маусым – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – жартылай шар тәрізді, үрілген қақпағы бар бұршаққын. Жүрекжапырақты ергеш – өте сирек кездесетін реликт түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. "Қазақ Энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер Санат:Орамжапырақтар