Жыландытөбе – Ұлытау облысы Ұлытау ауданында орналасқан төбе. Қумола және Дүйсембай өзендерінің қосылған жерінен оңтүстікке қарай 23 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 375 м. Оңтүстігінде 372 м болатын Көктөбе тауы орналасқан. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 4 км-ге созылып жатыр, ені 2 км. Оңтүстігінде Байжаннұра қонысына ұласады. Беткейлері көлбеу. Маңайында Ақшеңгел, Қарақұдық құдықтары бар. Етегі мал жайылымына қолайлы."Қазақ Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:Төбелер Санат:Ұлытау ауданы таулары