Жылымшық — Маңғыстау тауларының оңтүстігінде, Қайдақ сорының батыс жағында орналасқан құмды алқап.
Орналасқан жері Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан.
Сипаттамасы Құм солтүстіктен оңтүстікке қарай 42 км-ге созылған, енді жері 33 км. Ауданы 500 км² шамасында. Құм төбешіктер біртіндеп аласарып, белесті жазыққа ұласады. Грунт суы 2 – 10 м тереңдікте жатыр.
Өсетін өсімдіктері Жылымшықта жусан, еркек шөп, жүзгін, т.б. сораң шөптесіндер өседі.
Шаруашылық маңызы Жылымшық мал жайылымы ретінде пайдаланылады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Қазақстан шөлдері Санат:Маңғыстау облысы географиясы