Тамыздың 29 — Григориан күнтізбесінде жылдың 241-ші күні (кібісе жылдарда 242-ші). Жылдың аяғына 124 күн қалады.
Мерекелер , Семей ядролық сынақ полигонының жабылған күні
Оқиғалар 1825 — Португалия королі Жуан VI Бразилия тәуелсіздігін мойындады. 1831 — Майкл Фарадей электромагниттік индукция құбылысын ашты. 1904 — Сент-Луис қаласында III олимпиада ойындары ашылды. 1946 — БҰҰ-на Швеция, Ауғанстан және Исландия қабылданды. 1949 — Семей полигонындағы бірінші атом бомбасының сынағы өтті.
Дүниеге келгендер 1780 — Жан Огюст Доминик Энгр (:en:Jean-Auguste-Dominique Ingres) (1867), француз суретшісі 1862 — Морис Метерлинк (:en:Maurice Polydore Marie Bernard Maeterlinck) (1949), бельгиялық жазушы, 1911 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 1904 — Вернер Форсман (:en:Werner Otto Theodor Forßmann) (1979), неміс хирургі және уролог, физиология және медицинадан 1956 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты 1920 — Чарли Паркер (:en:Charlie "Bird" Parker) (1955), америкалық джаз музыканты
Қайтыс болғандар 1865 — Роберт Ремак (:en:Robert Remak) (1815), неміс эмбриологы және невропатолог. 1842 жылы эктодерма, мезодерма және эндодерманы ашты 1868 — Кристиан Фридрих Шёнбейн (:en:Christian Friedrich Schönbein) (1799), неміс химигі, озонды ашқан және оған ат берген. 1881 — Лауринас Ивинскис (:en:Laurynas Ivinskis) (1810), Литва жазушысы. 1979 — Сэмюэл Ирвинг Ньюхауз (:en:Samuel Irving Newhouse) (1895), америкалық миллиардер, ең iрi газет империялардың бірінің иесі.
Сыртқы сілтемелер
Санат:29 тамыз