Заготскот– Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданындағы жайлау. Аудандағы Бидайық ауылдық округі аумағында, Бақанас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Жайлаудың маңында Изенді, Қызбейіт , т.б. бірнеше қыстаулар бар. Аласа келген екі тау аралығындағы Заготскоттың шөбі шүйгін, мал жайылымына қолайлы. Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жайлаулар