Кемпір – Абай облысы Жаңасемей ауданындағы тау. Абсолюттік биіктігі 325 м.

Жер бедері Батысында 25 – 28 км жерде Қаратас, Ақбота таулары, шығысында Шұға жатыр. Шағын сопақ пішінді таудың ұзындығы 4 км, енді жері 2,5 км. Солтүстігінде өзімен аттас қыстау және құдық (тереңдігі 2 м, су шығымдылығы 100 л/с) орналасқан.

Геологиялық құрылымы Жер қыртысы жоғарғы пермь мен төменгі триастың гранит, сиенит, гранодиоритті жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Беткейлерінде бұта аралас бетеге, жусан, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Жаңасемей ауданы таулары