Керегетас – Сарлытаң тауының солтүстік-шығысында орналасқан тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Марқакөл көлінің шығысында. Абсолюттік биіктігі 2570 м.

Геологиялық құрылымы, жер бедері Жер қыртысы палеозойдың метаморфтық жыныстарынан түзілген. Беткейлері тар және терең шатқалдармен тілімденген. Беткейінен Шағанаты, Қарақаба, Сорвенок өзендерінің салалары бастау алады.

Өсімдігі Тау орманының күлгін топырағында қарағай, самырсын, далалық шалғынды өсімдіктер өседі. Етегі жайылымдыққа, шабындыққа кеңінен пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары