Киіктау – Ақдала қонысының батысындағы оқшауланған тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Жамбыл ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан. Абсолюттiк биіктігі 656 м. Оңтүстік-батыстан шығысқа қарай 3,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу, бірнеше шоқылардан тұрады. Батысында Торғайшоқы, солтүстігінде Арқарлы, шығысында Сасырлы, оңтүстігінде Жалтас, Пыстан таулары орналасқан. Жанында Мыңбұлақ, Аққұдық бұлақтары бар.

Геологиялық құрылымы Девонның интрузивті гранитоид жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Сортаңды ашық қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз өседі.‎Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары