Қарасу, Ковалевка – Ертістің сол салаларының бірі.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы өзен.

Бастауы Бастауын Қойсары тауының баурайынан алып Ертіс өзеніне сол жағынан құяды.

Гидрологиясы Ұзындығы 48 км, су жиналатын алабы 377 км². Привольное ауылына дейін арнасы тік жарқабақты келеді, төменгі ағысы сайлы-жыралы жазық өңірмен ағады. Ковалевканың жалпы ұзындығы 24 км болатын 4 саласы бар. Суы қарашаның 2-онкүндігінде қатып, сәуірдің ортасында ериді. Төменгі алабы шабындық және мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Ертіс су алабы Санат:Ұлан ауданы өзендері