Көкдомбақ – Үлкен Күйкентай тауының батысындағы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданында орналасқан. Абсолюттік биіктігі 807 м. Шағын таудың ұзындығы мен ені 2-2,5 км.
Жер бедері, өсімдігі Беткейлері көлбеу, жатық келген. Олар біртіндеп далаға ұласып кетеді. Етегінде жусан аралас қараған, бетеге, теріскен, т.б. шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары