Көкқиясай, Төрқора, Итқырылған – Сырдария алабындағы өзен. Қаратау жотасының оңтүстік-шығыс беткейінде.
Географиялық орны Түркістан облысы Кентау қалалық әкімдігіне қарасты аумақпен ағады. Ұзындығы 68 км, су жиналатын алабы 274 км2, су ағымы Ойық ауылы тұсында 0,4 м3/с.
Бастауы Тұрлан аулы маңында Ақжарсай және Рабатбұлақ өзендері қосылған жерден басталып, Арыс-Түркістан каналына құяды.
Гидрологиясы Жоғарғы ағысында тауаралық шатқалмен ағады, төменгі ағысы жаз айларында тартылып, қарасуларға бөлініп қалады. Көктемде мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы