Көктал — Ащымиір алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Ұлытау ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 34 км.
Бастауы Ұлытау тауларының оңтүстік-батыс беткейінен ағатын бұлақтардың қосылуынан құралып, Ащымиір өзеніне құяды.
Гидрологиясы Ұсақ 3 саласы бар. Аңғарының ені 1 км-дей, жайылмасы екі жақты. Өзен көбінесе ирелеңдеп ағады. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толығады. Сәуірде тасиды, жазда қарасуларға бөлініп қалады. Өзен алабында жайылымдар мен қыстаулар бар. Суы мал суаруға пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ұлытау ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы