Көктау – Қалба жотасының солтүстік бөлігіндегі тау массиві.
Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Бозанбай ауылының шығысында орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1449 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 24 км-ге созылып жатыр, енді жері 18 км. Солтүстік, солтүстік-батыс беткейі көлбеу келген, оңтүстік беткейі тік жарқабақты. Сибинка (Себе) және Ұраңқай өзендерінің суайрығында. Таудан осы өзендердің бірнеше салалары бастау алады. Солтүстік-шығысында Медведка тауы, оңтүстігінде Шалқар көлі орналасқан.
Геологиялық құрылымы Палеозойдың тақтатас, құмтас және интрузивті жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Баурайындағы қызғылт қоңыр, қара топырақ жамылғысында дала өсімдіктері, шатқалдарында қарағай, терек, т.б. өседі. Қазақ энциклопедиясы, 11 - том
Дереккөздер
Санат:Ұлан ауданы таулары