Домалақ – Оңтүстік Алтай жотасының оңтүстік бөлігіндегі тау сілемі.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Төсқайың ауылының шығысында 6,5 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 1503 м. Қарақаба және Арасанқаба өзендерінің суайрығында. Солтүстік-батыстан оңтүстік.-шығысқа қарай 2 км-ге, енді жері 1 км-ге созылып жатыр. Беткейі тік жарқабақты.

Геологиялық құрылымы Ордовик және кембрий кезеңдерінің тау жыныстарынан құралған.

Өсімдігі Орманды таудың сұрғылт топырағында қарағай, самырсын ағаштары кездеседі. Етегі мал жайылымына пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары