Күмісқазық – Ақшатау жотасының оңтүстігіндегі оқшауланған шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Айғыз ауылының солтүстік-батысында 15 км жерде орналасқан. Бақанас және Аягөз өзендерінің аңғарында. Абсолюттiк биіктігі 746 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 2,5 км-ге созылып жатыр, енді жері 1 км.
Жер бедері Солтүстік беткейі тіктеу, қалған бөліктері көлбеу келген. Пішіні доға тәрізді. Солтүстігінде Аққұдық бұлағы, шығысында Қожа, Омар қыстаулары, оңтүстігінде Жуантөбе бұлағы мен Қарашоқы шоқысы, батысында Алтынқазық тауы орналасқан.
Геологиялық құрылымы Палеозой дәуірінің кварцит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузивті жыныстарынан құралған.
Өсімдігі Баурайындағы қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары