Кіші Өсек, Кіші Үсек – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысы Панфилов ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Жетісу Алатауының оңтүстік сілемі Тоқсанбай жотасындағы мұздықтардан алып, Өсек өзеніне сол жағалауынан құяды. Ұзындығы 41 км, су жиналатын алабы 407 км2.
Гидрологиясы Аңғары жоғарғы және орта бөлігінде таулық сипатта. Көктемде ағыны қатты, суы мол болады. Су иірімділігі орташа. Жылдық орташа су ағымы 15 м3/с. Төменгі алабы мал жайылымы. Өзен суын ауыз су ретінде пайдалануға болады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Іле су алабы Санат:Панфилов ауданы өзендері